Мақсаты: ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Ағылшын тілі мемлекеттік білім беру стандарты бойынша алған білім деңгейін тексеру;
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету;
оқушылардың ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. өзге елдің тілін , мәдениетін, әдебиетін білетін дара тұлға даярлау;
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс, қазақ тілдері, елтану, шешендік өнер.
Барысы:
І бөлім. Мақал-мәтелдердің екінші сыңарын табу:
1. Батырды намыс өлтіреді (Қоянды қамыс өлтіреді).
2. Қыз – елдің көркі (Гүл – жердің көркі).
3. Оқу – білім азығы (Білім – ырыс қазығы).
4. Еңбек етсең ерінбей (Тояды қарның тіленбей).
5. Ақыл жастан шығады (Асыл тастан шығады).
6. Жаңбыр жауса – жер ырысы (Батыр туса – ел ырысы ).
7. Батамен ел көгереді (Жаңбырмен жер көгереді).
8. Қорқақ мың өледі (Батыр бір өледі).
9. Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады).
10.Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас).
11. Арпа, бидай ас екен (Алтын, күміс тас екен).
ІІ бөлім: «Жеті жұрттың тілін біл»
1. Мектеп кеме, білім ………..(теңіз, море, sea)
2. Адам көркі шүберек, ағаш көркі………….(жапырақ, лист, foliage)
3. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш……..болмас. (орман, лес, forest)
4. Қыз өссе елдің көркі, ……….өссе жердің көркі. (гүл, цветок, flower)
«Бәйге». Мұнда қазақ, орыс ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек.
1. Адам басшысы-……..(ақыл, ум, intelligence)
2. Нет дыма без ……… (от, огонь, fire)
3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно, late)
4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)
5. Чистота залог …….. (здоровья, денсаулық, health)
7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )
1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)
2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)
3. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
4. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)
5. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)
6. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
7. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез – на отрез)
8. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)
9. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)
10. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)