Қамқоршылар Кеңесі

Қамқоршылар Кеңесі

Қамқоршылық кеңес-қоғамның білім беруді басқаруға қатысу нысандарының бірі. Білім беруді және нақты білім беру мекемесін дамытуға мүдделі барлық адамдарды ерікті түрде біріктіретін мемлекеттік емес, үкіметтік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым.

1-Схема. Қамқоршылық кеңестің өзара іс-қимылы

 "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Приречное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ Қамқоршылық кеңесі ата-аналардың бастамасы бойынша ерікті негізде құрылды.

Оның мақсаты білім беру процесін және қаржы - шаруашылық қызметті ұйымдастыруға, білім беру процесіне қатысушылардың барлығының құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал ететін қаржылық, материалдық-техникалық мәселелерді шешу үшін қоғамдық басқару нысандарын енгізу болып табылады. Қамқоршылық кеңестің мүшелері мұқтаждардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру комиссиясына, мониторинг жөніндегі комиссияға кіреді