Текст
"Жасыл мекен" челленджі білім алушыларды экологиялық мәдениетке, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекқорлыққа, қоршаған ортаны көгалдандыруға тәрбиелеуге бағытталған.
Көшеттерді отырғызу балалардың қоршаған ортаға, айналасындағыларға деген қамқорлық сезімін дамытуға әкеледі.
Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және балаларда еңбекқорлыққа баулу.
Тапсырмалар:
білім алушыларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту
табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту
еңбекке деген құрмет сезімін, еңбексүйгіштікті ояту