«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік педагог -2017

04.04.2017

Ұстаз …. Ұстаз деген сөздің өзінде қаншама ұлылық, даналық жатыр десеңізші?! Осы сөз менің жүрегіме жақын естіледі.Естіледі – ау, тіпті жылылық нұрын құйып тұрады десем, артық айтқандық емес. «Ұстаз болу – жүректің батылдығы» демекші, ұстаз болып, әрбір шәкірттің жүрегіне жол табу, тілін ұғыну, дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәлім – тәрбие бере білу.Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап,ұстаз бейнесі менің жүрегімнен ерекше орын алған болатын.Ұстаздық шәкірттің өміріне дұрыс жол сілтеу болып табылады. «Ұстаз болу өзгені аялау, уақытыңды аямау» деген ой осыдан туындайды.Уақытын шәкіртке көп бөлген жан жеңіске жетеді. Бүгінгі ұстаз қауымына қойылып отырған талапта та – осы. «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік сол білімді іске асыра білу» дағдысы деп,

Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар өмір талабына сай.Жас ұрпақты оқытуда оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс- тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Шәкіртке білім нәрін жылылықпен бере білуде аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі. Осы айтылғандардың барлығы тек бір адамға арналады. Ол әрине – ұстаз. Бүгінде біздің үлкен білім ордамызда  жылда өтетін Үздік педагог –

2017 аймақтық байқауы өтті. Мектебіміз аса үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Мектеп ұжымы қонақтарды жылы лебізбен қарсы алды. Байқауға қатысушылар әр-түрлі мектептерден болды. Атап айтсақ , Приречный орта мектебінен орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Яскульская Татьяна Казимировна,  Шағалалы орта мектебінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Идеатова Алмагүл Кәрібайқызы, Ақадыр орта мектебінен бастауыш сынып мұғалімі Закер Сайран және Садовый орта мектебінен психолог және сурет пәнінің мұғалімі Аембаева Мадина Қайратқызы қатысты. Әр қатысушы өзінің білімдерімен, өнерлерімен барша көрермендерді тәнті етті. Байқаудың кезеңдері мынадай болды: әр қатысушы ең алдымен өзін таныстырып өтуі, сабағынан алынған бейне баянды көрсету, көрме

көрсету және өз өнерлерін көрсету. Әрине әр мұғалім жан-жақты тұлға болғандықтан, қатысушыларымыз әр қырынан көрініп барша отырған адамдарды таңғалдырды. Қатысушы ұстаздарымыз бірінен-бірі өткен білімнің хас шеберлері десек те қателеспеймін. Ең бірінші кезеңде, яғни таныстыруда Яскульская Татьяна Казимировна прозамен бастаса, тіл маманы Идеатова Алмагүл Кәрібайқызы өзінің балалық шағын есіне түсіріп, өзінің жазған әңгімелер жинағынан әңгімесін айтты, ал бастауыш сынып мұғалімі Закер Сайран слайд-презентация көрсетіп таныстырса,

Аембаева Мадина Қайратқызы сөздің басын бейне баянмен бастады. Бұл байқаудың ең бірінші мақсаты- ең үздік ұстазды анықтау және бағалау болып табылды. Осы мақсатқа жету үшін әділ-қазылар алқасы өте мұқият болды. Байқауға қатысушыларды 1-ден 5-ке дейінгі ұпай сандарымен бағалап отырды. Әділ-қазылар алқасы: Приречный орта мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Рамазанова А.С, Шағалалы орта мектебінің оқу жөніндегі орынбасары Хамай Жұбайхан, Ақадыр орта мектебінің оқу жөніндегі орынбасары Талант Сұлтанбекұлы болса, Садовый орта мектебінің әдістеме бірлестігінің жетекшісі Ауганбай Күлжайна болды. Байқау соңында әділ-қазылар алқасы ортақ шешім қабылдап,құттықтау тілектерін жолдап,  бас жүлдені Приречный орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Яскульская Татьяна Казимировнаға табыстады. 1-орынды Шағалалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Идеатова Алмагүл Кәрібайқызы мен Ақадыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Закер Сайран иеленсе, 2-орынды Садовый орта мектебінің психологі мен сурет пәнінің мұғалімі Аембаева Мадина Қайратқызы алды. Сөзімді қорытындылай келе, байқау өте әсерлі және есте қаларлықтай өтті. Атаулы байқауды үлкен абыроймен атқардық деп ойлаймын. Біздің мектептен Яскульская Татьяна Казимировна аудандық Үздік педагог байқауына қатысқалы отыр. Татьяна Казимировнаға ақ жол және сәт сапар тілейміз!!! Сөздің соңын мына бір өлең шумақтарымен аяқтағым келеді:

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,

Шәкірт кәңілінде күн болып жайнап жанатын.

Приречный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қасен Әсем Нұрланқызы

Просмотров: 426


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст