«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Неге мен тәлім алушы болдым?

05.06.2017

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан мен білікті маман болу мақсатын қойып, тәлім алушы болдым. Тәлімгерлік жетекшім:қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Рамазанова Айгүл Серікбаевна. Ол кісінің  кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қасиеттері мол, кәсіби біліктілігі шыңдалған, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, өз ісінің майталманы, жаңашыл ұстаз. Маған әрқашан өз ақылын айтып,  бағыт-бағдар береді. Кез келген әдістемелік көмек керек болатын болса, сол кісінің көмегіне жүгінемін. Мен де тәлім алушы ретінде тәлімгеріме еліктеп өз ісімнің хас шебері болуға бар күшімді саламын.

 

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст