«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен өз елімнің патриотымын!

17.11.2017

Кез-келген адам шыр етіп, дүние есігін айқара ашқан сәтінен бастап, бұл өмірде қандай адам болатыны белгісіз...Алайда, бұл өмірге адам болып келгендіктен, өз елін сүйген, құрметтеген адам болу керек деп ойлаймын. Өзімнің кіндік тамған  туған жерім – Қазақстан. Сәби кезімнен үлкен азамат болуды арман етіп келем. Жүрегім тек Қазақстаным деп соғады. Сондықтан елімнің патриоты деп ойлаймын. Қазіргі таңда елімнің патриоты болу үшін

қолымнан келетіннің бәрін жасап келемін. Әрбір ұлт өкілі ең алдымен патриот болу үшін туған тілін құрметтеп, қадір тұтады. Менде солардың қатарында менде жүрмін. Мемлекеттік тілді терең меңгеріп келемін. Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге

қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емеспе?! Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Ойымды қорытындылай келе, Қазағымның көк туы желбірей берсін дегім келеді.

Приречный орта мектебінің

 7-сынып оқушысы Карпенко Роман

 

Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст