КГУ ”Приречен орта мектебі
І-жарты жылдық есебі.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері:
Хавсемет Сұраған
Меңдібаев Асхат Жансерікұлы
2020-2021оқу жылы.
Мектеп проблемасы: «Оқу тәрбие үрдісінде педагогтардың жаңартылған мазмұнды білім беру жүйесін жаңа формадағы шығармашылық іс-әрекет негізінде дамыту»
Әдістеме проблемасы: «Жаңа мазмұнды білім беру бағдарламасы негізінде оқушылардың білім сапасын және педагогтардың құзіреттілігін арттыру»
І кезең 2020-2021оқу жылы «Жаңа мазмұнды білім беру бағдарламасы негізінде білім беру сапасын күшейту мақсатында педагогикалық қызметті тиімді ұйымдастыру»
жаңа мазмұнды білім беруге 1-кластарды қалыптастыру;
жаңартылған мазмұндағы білім дәрежесін көтеру мақсатында оқушыларды үштілділікке үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының әлеуметтік жағдайларындағы мәселені шешуде ата-анамен байланыс жұмыстарын жүргізу;
ІІ кезең 2020-2021оқу жылы«Жаңа мазмұнды білім беру жүйелерін енгізе отырып, педагогтардың құзыреттілігін көтеру арқылы оқушыларға сапалы білім беру . »
ІІІ кезең 2020-2021 «Педагогтар мен оқушылардың жаңа мазмұнды білім беру бағдарламасы негізінде білім беру сапасының нәтижесін талдау, қорыту»
Міндеттері:
жаңа білім беру стандартын іске асыру барысында оқушылардың тұлғалық дамуына жағдай жасау;
біліктілікті арттырудың мектепішілік жүйесі үлгісін құру арқылы педагогикалық кадрлардың мерзімдік біліктілігін арттыру;
педагогтардың уақыт талабына сәйкес білімнің жаңа сапасына жету жұмыстарын дамыту;
педагогикалық біліктілікті арттырудың жаңа жолдары мен формаларын іздеуге ынталандыратын жаңа білімге деген сұраныстарын қалыптастыру;
мектептің әлеуметтік серіктестігін кеңейтуге ресурстар іздеу;
тәрбие процесінде оқушылардың ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу;
жоғары оқу орындарымен байланысты нығайту.
Бірлестік проблемасы:
Жаңа мазмұнды білім беру бағдарламасы незінде оқушыларға эстетикалық талғамға сай және дене тәрбиесінің білімін беруде, білім сапасын қортындылау және талдау.
Жеке проблемасы: Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасын негізге ала отырып, жаңа амалдарды дене шынықтыру сабағында тиімді қолдану арқылы білім беру сапасын қортындылап, талдау.
І-бөлім. Пәннің апталық жүктемесі.
2020-2021 оқу жылы бойынша дене шынықтыру пәнінің жүктемесі 27-сағат.
Жылдың басында берілген жүктемелеріміз бойынша әр сыныптарға жоспар жасалып бекітілді.
1-тоқсан 24-сағат, 2-тоқсан 24сағат І жарты жылдықта 48сағат өткізілді.
Қосымша спорттық үйірме бойынша (футбол,волейбол,асық ату және үстел теннисіне жоспар жасалып, 2-топ жұмыс атқаруға ойластырып жатырмыз.
1.Метептен тыс Өткізілген іс шаралар. 11-ші қыркүйек 5 -6 сыныптар арасында “Ең спортшыл сынып” атты ісшара откізілді.Окушылар өзара 3 топқа бөлініп сайысты.Сайыстың барысында ең мықты,ең жылдам оқушылар көзге түсіп мақтау қағазымен марапатталды. 1-4 сыныптар аралыгында “Спорт денсаулық кепілі” атты спорт іс шарасы өткізілді.Оқушылар іс-шараға белсене қатысып,әр сынып спортқа деген белсенділіктерін арттыра түсті. Және де көптеген іс-шаралар онлайн арқылы өткізілді.
“Спорт денсаулық кепілі”
“Ең спортшыл сынып” 2. Аудандык Жарыстар. Секіртпеден аудандық онлайн жарыста Приречен орта мектебінің оқушылары белсене қатысты. Олардың ішінде Атрашенко Ангелина 7- сынып оқушысы,Балтабаева Еркежан 3Б-сынып оқушысы жене де Аудан бойынша 2-ші орын иеленгені ушін Какабаева Лейла 4 б - сынып оқушысы медальмен марапатқа ие болды. Қазргі уақытта басқада спорт салаларынан жарыстар өткізіліп жатыр. Біздің талаптарымыз бойынша оқушыларымызды қазіргі таңда жаттықтырып алдағы уақытта жулделі орындарға жане де оқушылардың қызығушылығын одан әрі дамытып жұмыс атқарып жатырмыз.
Аудандык Жарыстар.
Құрылған күні: 05.02.2021 11:28