Мектепішілік әдістемелік бірлестіктер арасында әдістемелік байқау және атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру өтті.

29.05.2026

Іс-шара барысында Қоғамдық-гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігі өз жұмысын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер білім беру үдерісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынып, шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар, бірлестіктердің жыл бойы атқарған жұмыстары қорытындыланып, үздік нәтижелер атап өтілді.

Осындай кәсіби кездесулер педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттырып, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.

Просмотров: 2659


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу