«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен зорлық-зомбылықтың алдын алу

15.01.2024

2024 жылдың 10 қаңтарында мектепте 8-11 сынып оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгіме өткізілді.
Әлеуметтік педагог Конилашарова Ю.А.ның баяндамасының тақырыбы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» болды.
         Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына сауатты және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Шара барысында мектеп оқушылары кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы білді.

Яна Анатольевна өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Ол көшеде, қоғамдық орындарда және көпшілік демалыс орындарында өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауды ұсынды. Мектептегі оқушылардың мінез-құлқы, мұғалімдерге, үлкендерге және құрбыларына деген құрметті және дұрыс қарым-қатынас, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәселелеріне тоқталды. Әңгіме нақты мысалдар мен фактілерге негізделді.
Сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Рамазанова сөз сөйлеп, өз сөзінде мектептегі тәртіп ережелері талаптарын бұзғаны үшін оқушылардың жауапкершілігін атап өтіп, мектеп оқушыларының құқықтары мен міндеттерін тағы бір мәрте еске салды.

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст