«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мерекесі

30.03.2017

Наурыз мейрамы-Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылдануға дейін пайда болған, көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. Шығыс халықтарының көне күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. Наурыз сөзінің түп сөзі мағынасы парсы тілінің «Нау» -жаңа, «рыз»- күн деген  сөздерінен алынып, жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді. Наурыз мейрамы сонау 1926 жылдан кейін алғаш рет 1988 жылы тойланып, көпшілік көңілінен шықты. Наурыз мейрамы жыл сайын 22 жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн  мен түн теңелетін, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем басы. Жаңа жылда Қыдыр баба таза үйге кірсе, ол үй ауру – сырқаудан, пәле – жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып –сілкіп, тазартып қоятын болған. 21 наурызда Приречный ауылында Мәдениет үйінде Наурыз мерекесі өтті. Наурыз мерекесінде мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті: Наурыз туралы әндер айтылды, «Тұсау кесу» салт-дәстүрі көрсетілді, қазақ, орыс, үнді билері биленді. Таза ауада қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст