«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған бағдарлама- қазіргі заман талабы.

30.08.2017

Бүгінгі  таңда елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі   білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Кокшетау қаласындағы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру институтында 12 маусымнан 30 маусым  аралығында 

қазақ тілі пәні бойынша  педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті. бағдарламаның басқа бағдарламалардан айта кететіндей бір ерекшелігі ең алдымен оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаты айқын, нақты, дәл берілген, пән мазмұны спиральды түрде берілген (қарапайымнан күрделіге қарай). Оқушының қызығушылығын арттыру (мотивация). Оқушыны жетістік критериі арқылы бағалау және пән мазмұнына терең үңілу. Біз бұл  бағдарламаның тиімділігін осы 20 күндік оқу барысында теориялық және іс-тәжірибе арқылы түрлі әрекеттер жасау барысында түсіндікКурсқп қатысқан мұғалімдер саны 30 болды. Курсқа әр ауданнан мұғалімдер келді. Атап айтсақ, Зеренді ауданы, Сандықтау ауданы, Көкшетау қаласы және Целиноград ауданы.. Себебі: сыныпта сабақтан тыс қалмайтын оқушы болмайтынын түсіндік. Бұған себепкер тобымыздың  тренері Жумажанова Сауле Болатовна білімді де білікті, өз ұстанымы бар, өте шығармашыл да шеберлігінің арқасында бағдарламаның қыр-сырын  жоғары деңгейде меңгердік деп айта аламыз. Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында

қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап,  жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.  Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда 

оқушылардың бойында тілдік құзіреттіліктерді   қалыптастыру бойынша қолданылатын белсенді оқыту стратегияларымен, аудармасыз оқытудың тәсілдерімен таныстық. Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іскасырдық, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Қорыта келе, мен мақаламды  ақын Міржақып Дулатовтың  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақта, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай  жаңа білім беру  -  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст