Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле Төрле Жаңа жыл,
Бізге Құтты жыл болсын!
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңға жайып мереке. Қай бала болмасын соның ішінде әсіресе Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Олардың барлығы да армандаған арманымыз, тілеген тілегіміз орындалады деп Жаңа жыл ертегісіне, жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз Ата мен Ақшақар қызға сенеді. Міне, осындай Жаңа жылға арналған ертеңгілік Приречный орта мектебінде «Бөбек» шағын орталығында «Төрле Төрле Жаңа жыл!» атты балаларға арналған шырша мерекесі өтті.Ертеңгіліктің ерек шелігі, балалардың жылдағыдай ұйымдастыратын концерттік бағдарламасын ата –аналар комитеті мен ата-аналар белсене ат салысып қатысты. Мұнда Аяз ата- Райзих
Михаил, Ақшақар-Клинг Софья, Клоун-Аманжолова Камила, Мыстан кемпір-Лопарева Олеся, Цыганка - Кариполла Элвира, Түлкі –Рахман Кристина,Жүргізуші - Чуйченко Елена , Музыкант –Майер Владимир және де басқа да ата-аналар қатысып шырша мерекесі балаларға өте көңілді өтті. Балалар шыршаны айнала әндерін айтып, билерін билеп,әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Барлық балалар аяз атаға тақпақтар айтып сыйлықтарын алды. Көрермендер мен тәрбие ісінің менгерушісі Рамазанова Айгул Серікбаевна және оқу ісінің менгерушісі Попроцкая Римма Романовна ата –аналар мен тәрбиещілерге алғыстарын білдірді. Шырша мерекесіне қатысушы балалар да ата-аналар да үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.