«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында семинар

19.02.2018

 «Балам, дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын»деген ғұлама сөзі өзінің маңызын жоймайды. Болашақтың қоғамын құрушыларды тәрбиелеу-мемлекеттің, мектептің, отбасының жауапты ісі.Келешектің адамы өзінің ұлттық болмысын,дүниетанымын,ділін,салт-дәстүрін бойына сіңіре отырып,жаһан өзгерісіне,заман көшіне ілесе алуы керек. Елбасы сөзімен өрнектесек, «мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы керек.» Жас ұрпақ тәрбиесіндегі жаңашылдық пен заман дамуының үдерісінде мектеп ұстаздары Елбасының Рухани жаңғыру мақаласы негізіндегі ұлағатты істерін бастап та кетті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Мәңгілік ел» идеялары бағытындағы  тәрбие жұмыстарын жоспарлап,өзара тәжірибе алмасып,ой қозғау мақсатында 15 ақпан күні Приречный орта мектебі базасында «Өз өлкенді таны» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылып өтті.

Семинардың  мақсаты: 

Рухани  жаңғыруды  сипаттау  және  патриоттық  сананы  ынталандыратын  ұлттық   құндылықтарды 

жаңғырту.  Оқушылардың  бойында  ұлттық  сананы  ояту, жас  ұрпақ  санасына, туған  халқына  деген  құрмет,

сүіспеншілік, мақтаныш  сезімін  ұялату, ұлттық  рухты  сіңіру.

Семинарға аймақтағы жеті мектептің өкілдері қатысты. Бағдарлама бойынша дөңгелек үстел

кезінде әр мектептің ұстазы өзінің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Олар: Павловка БМ қазақ тілі пәні мұғалімі Азатхан Фариза қатысушылармен «Рухани адамгершілік – тәрбие бағыты» атты іскерлік ойын өткізді. Шағалалы ОМ аға тәлімгері Шаденова Гульмира Базарбаевна  «Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани – адамгершілік тәрбие берудің негізі» тақырыбында баяндама оқыды. Заречный НМ тәрбие ісі меңгерушісі 

Газизова Анар Райхановна  «Болашаққа көзқарас» мамандық таңдау жұмысы бойынша іс  тәжірібиесімен бөлісті. Березняковка ОМ тәрбие ісі меңгерушісі  Аменова Асем Қаирбековна «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген іс шараларды атап көрсетті. Приречный ОМ және Садовый ОМ оқушылары «Менің ауылымның тарихы» атты зерттеу жобаларын көрермендер назарына салды. Семинар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында мектептің әдістемелік кабинетінде «Рухани жаңғыру» бұрышының ашылу салтанаты өтті. «Рухани жаңғыру» бұрышы – туған жердің тарихына, әдебиетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру, азаматтардың бойында

патриоттық сезімдерін қалыптастыру  мақсатында құрылды. «Рухани жаңғыру» бұрышының ашылу шеңберінде семинарға қатысушылардың назарына Приречный ОМ оқушылары өздерінің «Болашаққа бадар: рухани жаңғыру» мақаласының бағдарламаларына арналған жобаларын

презентациялады. Бұл бұрыш болашақта жас ұрпақтың тәрбиесіне өзіндік қомақты үлесін қосатыны сөзсіз. Рухани жаңғыру жолындағы мектептегі тәрбие саласының жемісті боларына үлкен сеніммен қарауға болады. Семинарға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізілді деп бағаларын берді.

Приречный ОМ тәрбие ісі меңгерушісі

Рамазанова Айгуль Серикбаевна

 

 

Просмотров: 417


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст