Мектептегі тамақтану балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, еңбекке қабілеттілік пен үлгерімді арттыруды, физикалық және ақыл-ой дамуын айқындайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасайды.Тамақтану кестесі мен күнделікті мәзір асханада, сондай - ақ мектептің сайтында орналастырылған-білім беру процесінің барлық қатысушылары және олардың ата-аналары күн сайын кестемен және мәзірмен танысады. Асхана бойынша кезекшілік ұйымдастырылды, оқушылар сынып жетекшісінің, тәрбиешінің немесе кезекші педагогтың қатысуымен тамақтанады. Ауыз су және қол жуу режимі ұйымдастырылған.Оқу жылының басында мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша барлық қажетті бұйрықтар шығарылды, тамақтануды ұйымдастыру мен сапасын бақылау жөніндегі комиссия құрылды, комиссияның жұмыс жоспары әзірленді. Барлық қажетті құжаттама бар және талаптарға сәйкес толтырылады. Ас блогы мен асхананың санитарлық жағдайы нормаларға сәйкес келеді.