Текст
3-сыныптағы математика сабағында оқушылар үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмін қолдану дағдыларын, ауызша есептеу дағдыларын бекітті, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте пайдалануды үйренді. Өткізілген "қажетті соманы жина ", "сандар гүлі" ойындары, "үй саламыз" жұптық жұмысы математиканы оқуға деген қызығушылықты арттыруға, ынтымақтастық қабілетін тәрбиелеуге, сондай-ақ өз бетінше жұмыс істей білуге ықпал етті.