«Мектепке жол» акциясы
Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында «Балаға мейірім сыйла» ұранымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.
Іс-шараның мақсаты-оқу жылы басталғанға дейін көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету.
Оған жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады. Жыл сайын акцияға қатысушылардың көбейіп келе жатқанын көру жағымды.
Акция аясында облыстық мәслихат депутаты Жақсылықов Ерсайын Дулатұлы көпбалалы отбасылардың балаларына ерекше қамқорлық көрсетті.
Оларға рюкзактар мен кеңсе тауарлары сыйлық ретінде берілді.
Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы кең ауқымды сипатқа ие болады. 1 қыркүйекке дейін өте аз уақыт қалды. Біз бірге мейірімділік сыйлай аламыз және олар үшін осы мерекелік және ерекше күні балаларға шағын мереке ұйымдастырамыз!