9-сыныпта «Тұтынушылардың құқықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
23.11.2026
Сабақ оқушылардың өмірлік жағдаяттарды шешу арқылы функционалдық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Сабақ барысында оқушылар құқықтық білімдерін күнделікті өмірде қолдануды, түрлі жағдаяттарды талдауды, өз мүдделерін қорғауды және тұтынушылық құқықтарын қорғаудың тиімді жолдарын табуды үйренді.
Әсіресе, сапасыз тауарды сатып алған жағдайда тұтынушының құқықтары, тауарды қайтару және айырбастау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай сабақтар оқушылардың құқықтық сауатты, жауапты әрі өз құқықтарын қорғай білетін азамат болып қалыптасуына ықпал етеді! Мұғалім: Стока Н.В.
Просмотров: 1