«ДосболLIKE» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептің әлеуметтік педагогі 6 және 8-сынып оқушыларымен «Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
23.11.2026
Кездесу барысында оқушылар буллинг ұғымымен танысып, оның қандай түрлері болатынын, қорлауды қалай анықтауға болатынын және мұндай жағдайларға бейжай қарамаудың маңыздылығын талқылады.
Әсіресе бір-біріне құрметпен қарау, мейірімділік таныту, өзара көмек көрсету және қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдіру дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
🤝 Әрқайсымыз мектепте қауіпсіз әрі достық қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыруға өз үлесімізді қоса аламыз!
Есіңде болсын: ізгі сөздер адамдарды жақындастырады, ал өзара құрмет бізді күштірек етеді!
Просмотров: 2