«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ұлт ұстазы, қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалым әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

14.09.2026

Ойын барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ғылыми еңбектері, әдеби мұрасы және қазақ тіл біліміне қосқан үлесі бойынша өз білімдерін сынады. Танымдық тапсырмалар мен қызықты сұрақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың ойлау, іздену және өз білімін еркін жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Іс-шара барысында оқушылар ұлт ұстазының «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген тағылымды сөзінің мәнін түсініп, ана тілін құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.
Интеллектуалдық ойын оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастырып, Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді

Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст