Отбасы күні қарсаңында мектепте ата-аналармен кездесу өтті.

19.05.2026

Кездесудің мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру және өзара ынтымақтастықты дамыту.
Іс-шара барысында ата-аналармен тәрбиелік бағыттағы әңгімелер жүргізіліп, оқушылардың қауіпсіздігі, оқу үлгерімі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған пікір алмасулар ұйымдастырылды.
Кездесу жылы әрі еркін атмосферада өтіп, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді.

Просмотров: 2703


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу