Мен де басқалар сияқты табиғатты қорғаймын, өйткені ол біздің өміріміздің негізі. Табиғат бізге таза ауа, су, тамақ және өмір сүруге қажеттінің бәрін береді. Табиғатты қастерлеп, аялай алмасақ, ұрпаққа таза жер қалмайды.
Қазақстанның табиғаты өте бай және түрлі-түсті. Кең байтақ даламыз, биік тауларымыз, мөлдір өзен-көлдеріміз бар. Бірақ оларды сақтау үшін әрбір адам жауапты болуы керек. Қоқысты тек арнайы орындарға тастаймын, суды үнемдеймін, ағаш отырғызамын.
Сонымен қатар, біздің міндетіміз – адамдарға экологияның маңыздылығын түсіндіру. Әркім табиғатты аялап, аялай білсе, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем таза, жасыл желекке айналады. Жыл сайын ауылымызда сенбіліктер өтеді.
Мектебімізде де «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. Көктем басталысымен мектеп аумағы да түрленіп жатыр. Бұл қарапайым әрекеттер үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Табиғатты қорғау дегеніміз – өзіңді және болашағыңды қорғау.
Таза Қазақстан – арман ғана емес, ортақ күш-жігеріміздің жемісі. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыптылықпен қарау – әрбір азаматтың борышы.
4-сынып оқушысы Герклах Богдан