Текст
Студенттер соғыс жылдарындағы еліміздің кәсіпорындарының жұмысы, эвакуацияланған халықты қабылдау, майданға көмек көрсету туралы мағлұмат алды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери қызметкерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері, Отан қорғауға миллиондаған адамдардың, соның ішінде біздің ауылдың тұрғындарының қалай көтерілгені туралы әңгімеледі.
Соғыс халқымыз үшін ауыр сынақ болды. Тұрғындар майдандағы және тылдағы борышын абыроймен атқарып, жеңіске зор үлес қосты.
Балалар тек соғысқа қатысқандарды ғана емес, соғыс жылдарында кәсіпорындарда жұмыс істеген, Отаны мен жер бетіндегі бейбітшілік үшін нағыз еңбек ерліктерін көрсеткендерді де батырлар деп атауға болады деген қорытындыға келді!