Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау және тереңдету.
Дамытушылығы: Логикалық ойлауын, жылдам есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, достыққа, тез есептеуге, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреті, аңдар суреті, үлестірмелер, ойындар, тест.
Әдіс: Сұрақ - жауап, ойын, ой - қозғау.
Түрі: саяхат, аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық.
Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

- Бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта саяхатқа шығамыз. – Сабақта алған білімдерімізді ортаға саламыз.

«Жапырақ жинау» ойыны арқылы көбейту кестесін айтамыз.
1 - жапырақ. – Құстар жылы жаққа кетеді. 9х6
2 - жапырақ. – Күн суытады. 7х8
3 - жапырақ. – Жануарлар ұйқыға кетеді. 5х6
4 - жапырақ. – Жапырақтар сарғаяды. 9х4
5 - жапырақ. – Үйлерін ақтайды, сырлайды. 8х5
6 - жапырақ. – Жеміс жидектер жинайды. 7х6
7 - жапырақ. – Егін жинайды. 4х7
8 - жапырақ. – Жаңбыр жауады. 8х8
- Бұл құбылыстардың барлығы қай кезде болады.
«Күз мезгілінде»

 

Жаңа сабақ
- Жаңа сабағымызда «Күзгі орманға саяхат» жасаймыз.
- Орманда қандай аңдар бар екен, олардың қысқа дайындығы қандай екенін байқайық.
- Саяхатқа шықпас бұрын 2 тапсырма көбейту кестесін толықтырып жазайық.
(кесте тақтаға ілінеді.)
8х9 =                 9х9 =
7х3 =                 8х6 =
6х4 =                 9х7 =
- Кестені толтырып жазып, орманға да жеттік.
Ормандағы аюдың.
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық.
Қалтамызға салайық.

- Қане, орманда не бар екен?
- Аю бар екен. Аю тәттілерді көп жеп семіреді де, апанына жапырақтарды төсеп, ұйқыға дайындалады.
- Қане, балалар құлпынайын теріп жіберейік.
№ 3 есеп.
6. Құлпынайдағы есептер.
- Бос тор көзде тұруға тиісті санды атау.

.. * 2 = 18

6 * ... = 42

... * 8 = 72

6 * ... = 24

... * 8 = 40

5 * ... = 35

9 * ... = 81

7 * ... = 70

4 * ... = 24


№ 5 Say a numbers in English and count.
Өзінше ноян
Қорқақ Не?.. (Қоян)
- Сәбіз жегім келіп тұр дейді.
- Сәбіз жинап берейік.
- Кім сәбіз жинасады?.. (3сәбізге 3 оқушыны шығарып, жаздыру және ағылшын тілінде айту)

Example: SEVEN(7) * TWO (2)= FOURTEEN


7 х 2 = 14
6 х 9 + 2 = 56
8 х 5 = 40
7 х 6 + 2 = 44
9 х 4 = 36
7 х 8 = 56
- Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құрдық, шығардық.
№ 7
Туғаннан жаңғақ жеп жетілген.
Бұтақтан – бұтаққа секіру.
Бұл не? (Тиін)
- Тиін қысқа саңырауқұлақтарды кептіріп жинап жүр.
- Саңырауқұлақтарда теңдеулер жазылған тақтаға шығару.
92 –  х = 56 : 8                      83 –  х = 72 : 8

- Біздер тиінге көмектесіп саңырауқұлақтарын теріп бердік.
№ 8
Өзі қу
Жүрген жері ду.
Бұл не? (Түлкі)

Түлкі түсті қақпанға.
Жортып келе жатқанда.
- Қақпаннан босатайық.
Босату үшін «Балық аулау» ойынын ойнайық. Балық суреті.
1) 24 кәмпит әр қорапқа 8 кәмпиттен салынды. Кәмпиттер неше қорапқа салынды?
2) Бір байламда 5 кілт бар. Осындай 3 байламда неше кілт бар?

3) Әр бидонда 5 л сүт бар. Осындай 7 бидонда неше литр сүт бар?


- Түлкі сендерге рахмет айтуда.
- Оқушылар енді орнымыздан тұрып, саяхатымыздан қайтайық.
Оқушылар айтады.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табармыз.
Өнер білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

5. ой қозғау.
- Балалар бүгін көбейтуге есептер шығардық.

- Бәрекелді! Балалар!
Бәріңе бестік баға бар.
Ел қадірін бағалар.
Міне, оқушым қаншаға
Кеңейді өріс өреміз!
Келесіде қалғанын
Тағыда айтып береміз.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.