«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біз Қазақстанның болашағымыз»

«Біз Қазақстанның болашағымыз»

Сайыстың мақсаты:

1)Азаматтық патриотизмге баулу, өз республикасының тағдырына тікелей аралас білуге, өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

2)Туған жер туралы білімін кеңейту; өз өлкесінің, елінің тарихын тереңдетіп білуге құлшынысын ояту тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: фотомонтаж, Қазақстан,  Астана туралы компьютерлік слайдтар.

 

                                     Сайыстың барысы.

Ортаға екі жүргізуші шығады.

 

1-жүргізуші:

 -«Біздің байрағымыз – Тәуелсіздік.

Мақсатымыз - бейбітшілік пен құттылық.

Бұл өмірде біздің жалғыз ғана Отанымыз бар!

Ол – Қазақстан!»  Бұл сөздер Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

     Жас ұрпақ – Қазақстанның болашағы. Олар  оны салуға және сақтауға, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты бекітуге барлық күш-жігерін жұмылдыруға міндетті.

 

2-жүргізуші:

-Қайырлы күн, қадірлі Қазақстанның үміт артар ұлдары мен қыздары!

 

1-жүргізуші:

-Қүрметті ұстаздар мен қонақтар!

                                     Шарықта, шарла, көкте, көк Байрығым!

                                     Арман, азаттығым, көпке  айғағым.

                                     Мен сенің салтанатты сағатыңа

                                     Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.                                        

                     

 Қазақстан деген менің бар елім,

 Жатыр алып жарты дүние әлемін!

 Бұл даланы анам жаспен суарған,

 Бұл далада атам қолға ту алған,

 Бұл далаға жылап келіп, уанған

 Бұл даланы алғаш көріп қуанған,

 Бұл далада өскен жанда жоқ арман! - деп, Қазақстан  тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған «» сайысын ашық  деп жариялаймыз!

 

2-жүргізуші:

-Ең алдымен, сайыс басталар алдында, сіздерге  4 А сынып оқушылары өз шашуын әкелді.

Катя-Аня---«Сылдырмақ» биі.

 

 

 

1-жүргізуші:

-Бүгінгі сайыста 4 сынып оқушылары  қатысыды.

-Қошеметтеп шақырайық. (оқушылар бір бірден шығады)

 

2-жүргізуші:

-Әрбір жағдайда әділ шешім бере алатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1-

2-

3-

 

1-жүргізуші:

-Бүгінгі біздің сайысымызда алты оқушы қатысады. Ойын болғаннан кейін мұнда жеңімпаздар мен жеңілгендер болады.                                                          

 

2-жүргізуші:

-Сайыс 4 тапсырмадан тұрады.

Тапсырма ұпайлармен бағаланады.

Ойыншыларға сәт сапар тілейміз және жарысымызды бастайық.

-Бірінші тапсырма-«Өзін-өзі таныстыру»

(оқушылар өзі туралы айтады)

 

1-жүргізуші:

-«Отан» дегеніміз – төрт қана дыбыстан тұратын сөз. Осы сөзді естігенде кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді.                                                       Отан – туып-өскен жер. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Республикамыздың бас қаласы– Астана қаласы. Бүгінде Астана күннен-күнге көркейіп келеді.

 

                                    Астанам-бағым, баспанам

                                    Қарыштап алға бас қадам.

                                    Отанымның жүрегі

                                    Елорда-менің Астанам, -

деп ақын айтқандай, біздің Астанамыз көріктенсе, біздің Отанымыздың қоса гүлденетіні сөзсіз.     

 

2-жүргізуші:

- Назарларыңызға сайыскерлеріміздің шығармашылық қабілеттерін ұсынамыз. Оқушылар үй тапсырмасын орындап келді - «Қазақстан» тақырабына шағын шығарма жазып әкелді.

 

-Сахнаға Мария мен Юлия шақырылады. Ән.

 

 

 

1-жүргізуші:

-Қазақстан - ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз - жер көлемі жағынан Еуразия құрлығында 9-шы орында тұр. Қазір Қазақстан - үлкен тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің тарихы бай. Енді білім сайысына кезек берейік. Бұл сайыстың шарты бойынша қатысушылар сұрақтарға жауап береді.

 

1.Қазақстанның неше астанасы болды? Ол қандай қалалар?

2.Қазақстанның көне қалаларының  атауы?

3.Түркістанда кімнің кесенесі бар?

4.Отырардың ежелгі атауы?

5.Таразда қандай тамаша ескерткіштер бар?

6.Алматы қаласы қайда орналасқан?

7.Арыстан баб кімнің ұстазы?

8.Түркістанның көне  аттары?

9.Әбу Насыр әл- Фараби кім?

10.Тараздың бұрынғы атаулары?

                                    

-Сахнаға 3 сынып оқушысы Дильназ шақырылады- би.

 

2-жүргізуші:

Отан... Адамға өте жақын ұғым. Өйткені, ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, биік тау болсын, өзінің кіндік қаны тамып, өсіп-өнген жерін – Отаным деп, жанындай жақсы көреді. Солардың бірі: 4 б сынып оқушысы Алмаз  «» өлеңін мәнерлеп оқиды.

 

1-жүргізуші:

- Сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Төртінші тапсырма.-«Мәнерлеп оқу сайысы»

Сайыскерлеріміз жаттаған өлеңдерін ұсынады.

 

 

2-жүргізуші:

-Көрермендер уақыты да келіп қалды.

 

ВИКТОРИНА.

1.Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері.

2.Қ.Р. ұлттық ақшасы.

3.Ақындар сайысы.

4.Халық ертегілерінің кейіпкері.

5.Қазақ халқының  көшпелі баспанасы.

6.Ұлттық сусын.

7.Қ.Р. президенті.

8.Қазақ халқының ұлттық ойыны.

9.Қазақ халқының ұлттық аспаптары.

10..

 

-Әннің кезегі де келіп қалды. Сахнаға Айтыбаева Сания шақырылады.

 

-Бүгінгі сайыстың аяқталар кезегі де келіп жетті. Көптеген тапсырмаларды орындай отыра сіздер көптеген ұпайлар санын жинадыңыздар. Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

 

МАРАПАТТАУ.

 

-Сау болыңыз! Келесі кездескенше!

 

 

Жаңартылған күні: 26.11.2020 17:46
Құрылған күні: 26.11.2020 17:46

Текст