Дауыссыз дыбыстардың түрлерін пысықтау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін тиянақтау.
Есте сақтау қабілеттерін , сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: плакат, фломастер, кітап, куб.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар «Білім» дегенде ең алдымен ойларыңа не келеді?
Осы сөздер арқылы топ құрып алайық.
Психологиялық дайындық:
Бір-біріне ойыншық беру арқылы жылы лебіз білдіру.
І.Қызығушылығын ояту:
Білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ІІ.Мағынаны тану:
І-топ:
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге... (М. Жұмабаев)
Қатаң дауыссыздарды тап.
ІІ-топ: Ғылым таппай мақтанба.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба;
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз. (Абай)
Ұяң дауыссыздарды тап: Кел балалар оқылық!
ІІІ- топ: Кел балалар оқылық!
...Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағлар.
Тілегенің алдаңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар оқылық! (Ы.Алтынсарин)
Үнді дауссыздарды тап:
ІV- топ:
Білім туралы мақал-мәтелдерді жазу.
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Ойна да күл,
Оқы да біл.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Дуыссыз дыбыстарды теріп жазу.
Осы тапсырмаларды плакатқа жазып, әр топтан бір оқушы қорғап шығады.
«Кубизм» стратегиясы бойынша куб қырларына дауссыз дыбыстарды жазу.
Н-ң, қ-ғ, л-р; п-б: Осы әріптер арқылы әр топ плакатқа мсалдар жазып жазғандарын тақтаға шығып қорғайды.
Сергіту сәті: Әр топқа жануарлардың суреттері беріледі.
Көрсетілген суреттегі аң немесе жануарлардың бейне, қимылын
Көрсетеді. Жауабын тапқан топ сол сөзге ауызша дбыстық талдау жасайды
ІІІ. Ой толғау.
Кітапта мәтін берілген. Мәтінді барлығы іштен жаппай оқиды.
І топ: Мәтінің мазмұнын баяндау.
ІІ топ: Қарамен жазылған сөздерді дәптерге жазу. Осы сөздерге сөйлем құрау.
ІІІ топ: «Кітап-білім бұлағы» эссе жазу.
ІV топ: Кітап алып, сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Н-ң дыбысның атынан оқушыларға хат жазу арқылы сабақты қорытамын