«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық желілік –қоғамдастық семинары

20.12.2017

Елбасы  Н.Назарбаев

өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын

постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі   білім беру жүйесінің жаңа сапалық

деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл,

қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен

берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі —

мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Міне,  бүгінде 9 желтоқсан күні Зеренді ауданының Приречный орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу пәндерінің оқыту ерекшеліктері» тақырыбында ауқымы кең аудандық семинары ұйымдастырылды. Бұл семинардың басты мақсаты: «Жаңа білім беру бастамаларын

құру және қолдау; ұсынылу мүмкіндігі өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі танытуы арқылы біркескен практикалық қызмет» болды. Ал міндеттеріне тоқталып кетсек: мұғалімнің кәсіби қызметі жүзеге асуына қолдау жасау; мұғалімнің психологиялық жайлылығын және кеңістігін кеңейту; жаңартылған білім беру мазмұны бойынша

педагогтармен кері байланыс орнату. Семинарды ең алдымен қонақтарды қарсы алумен бастадық. Ауданымыздың әр жерінен 12 мектеп қатысты. Сонымен қатар ауданымыздың әдістеме кабинетінің әдіскерлері Аубакирова Клара Аманбековна, Маршалко Наталья Николаевна және Хасенова Гүлжанар Белгинбаевна келген болатын. Барлық семинар қатысушыларын мәжіліс залына жинап, мектебіміздің презентациясымен таныстырдық. Приречный орта мектебінде жалпы 23 мұғалім, оның ішінде 35%  I,II, III деңгейлік сертификатталған мұғалімдер. Оның көщін бастап келе жатқан мектебіміздің басшысы Жетписова Мариям Сұрағанқызы. Өзінің педагогикалық ұжымын жетелеп, қолдау жасап, инновация мен жаңарту жолында аянбай еңбек етуде.   Семинар қатысушыларына жайлы атмосфера қалыптастыру мақсатында оқушыларымыз шағын концерттік бағдарлама көрсетті. Мектебіміздің мұғалімдер қауымы да жылы лебіздерін ән-шашумен жолдады. Келесі кезекте мектеп директоры Жетписова Мариям Сұрағанқызы мен аудан әдіскері Маршалко Наталья Николаевна жылы тілектерін білдірді. Ал «Шабыт» желілік қоғамдастықтың жетекшісі Хасенова Гүлжанар Белгинбаевна жалпы семинардың мақсат- міндеттерін айтты. Мектебіміздің оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Попроцкая Римма Романовна семинардың қатысушыларын бағдарламамен таныстырды. Алғашқы болып, мектебіміздің аға ұстаздары Рамазанова А.С мен Яскульская Т.К «Жаңартылған білім беру мазмұны

бойынша оқу пәндерінің оқыту ерекшеліктері» тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізді. Коучинг барысында көптеген сұрақтар талқыланып, жаңартылған бағдарлама бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Келесі кезекте Березняковка орта мекбінің мұғалімдері Койшыбаева Г.Б және Абильдаева Ж.А мұғалімдермен «Жұптық, топтық жұмыстардағы критериалды бағалау» атты шебер-сыныбын дайындап, мұғалімдер айқын және нақты ақпараттар айтты. Ал ашық сабақтарға кезек берсек 7 сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен Садовый орта мектебінің мұғалімі Кенжеахметова Ж.Г және №1 Зеренді орта мектебінің мұғалімі Курмангожина А.Е география пәніне тоқталды. Орыс тілі пәнінен 2 сыныппен Заречный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рудт А.Н өткізді. Сабақ барысында мұғалімдер түрлі әдіс-тәсілдер, АКТ-ні, сергіту сәттерін, кері байланыс және т.б қолданды. Қонақ сабақтары

болса да, мұғалімдер кәсіби шеберліктерімен оқушылармен бірлесіп, жақсы жұмыс жүргізді.Садовый орта мектебінің

мұғалімі Мукатова И.Т «Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не», ал Березняковка орта

мектебінің мұғалімі Шаяхметова Б.С «Критериалды бағалау мен кері байланыс» атты тренингтерін өткізді. Өзімізге керек көптеген ақпарат алдық. Семинардың қорытындысы дөңгелек үстел аясында «ашық микрофон» арқылы өтті. Семинар қатысушыларымен «Шабыт» желілік қоғамдастығының координаторы Хасенова Г.Б  Зеренді ауданы бойынша педагогтардың желілік қоғамдастығы ол- бір-бірімен тәжірибе алмасу, бір-біріне көмек көрсету, қолдау

болып табылатынын айтты. Қорытындылай келе,  бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне

жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.

 

Просмотров: 768


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст