«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика

Пән: Математика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

3-сыныпта өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты

4.1.1.1 Сандар мен шамалар ,оларға амалдар қолдану

4.1.1.1  есептеу тәсілдері мен есе пті шығару тәсілдері

Бағалау критерийі

Толық мыңдықтарды, үш таңбалы сандарды салыстыру, оқу,

жазу

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-сандарды оқуды, ұсынылған шамалардың өлшем бірліктерін атауды, сандар мен шамаларды салыстыруды, сандарды өсу ретімен жазуды білетін болады.

Оқушылардың көпшілігі:

-барлық белгілі шамаларды, олардың өлшем бірліктерін атай алатын болады.

Кейбір оқушылар:

-шамалармен жұмыс істеуге өз бетінше тапсырмалар құрастыра алатын болады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-көптаңбалы сандарды оқуды, масса мен уақыттың өлшем бірліктерін атауды, сандар мен шамаларды салыстыруды біледі.

Пәндік лексика және терминология

Сандар, шамалар, сандарды өсу, кему ретімен жазу, сандар мен шамаларды салыстыру.

Диалогқа/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы.

Талқылау:

– Көптаңбалы сандарды қалай салыстырады?

– Сандарды өсу ретімен жаз.

– Шамаларды ата.

– Шамалардың өлшем бірліктерін ата.

– Сандар мен шамаларды салыстыр.

Жазу:

Көптаңбалы сандарды жазу, шамаларды жазу, шамалардың

өлшем бірліктерін жазу.

Құндылықтарды қалыптастыру

«Мәңгілік ел» идеясына негізделген құндылықтар: қазақстандық патриотизм; азаматтық жауапкершілік; сыйластық; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; өмір

бойы білім алу.

Алдыңғы алған

білімдері

Көп таңбалы сандар нумерациясы, шамалардың өлшем бірлігі,

сандар мен шамаларды салыстыру

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»

Қапшыққа салынған  саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)

2-топ: « Ептілер » (сары түсті)

3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен,  қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы:  —  Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы:  —  Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы:  —  Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы:  —  Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: —  Ал басың не үшін керек?

Окушы:  —   Бәрін-бәрін ойлау үшін.

 Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Өзектендіру.

«Блиц-сұрақ» немесе «ыстық орындық» тәсілдерін пайдалануға болады.

Қандай шамаларды білесіңдер?

Ең  кішісінен  бастап,         ұзындықтың өлшем бірлігін атаңдар.

Ең үлкенінен бастап, массаның өлшем бірліктерін атаңдар.

Ғасырдан       бастап,           уақыттың       өлшем бірліктерін атаңдар.

Математикалық диктант.

– Шамаларды қатарларға жазыңдар: 1-қатар – массаның бірліктері, 2-қатар – уақыт бірліктері, 3-қатар – ұзындықтың бірліктері. Олардың арасында қатынастар орнатыңдар.

Қағазға шамалар қатынастарының кестесін құрастыруды ұсынып, оны тақтаға іліп қойып, топтармен жұмыс ұйымдастыруға болады.

Диктанттың мазмұны: миллиметр,сағат, килограмм, тонна, секунд, сантиметр, километр, тәулік, дециметр, центнер, метр, литр, грамм, минут.

Өзін-өзі тексеру үлгісі:

1 тапсырма

Мәтінді оқы. Сандарды көшіріп, оларды өсу ретімен жаз.

Әлия энциклопедиядан Қазақстан аумағы батысында Еділ өзенінің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3 000 км-ге, ал солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстіктегі Қызылқұм шөліне дейін 1 700 км-ге созылып жатқанын оқыды.

Арман ғаламтордан Қазақстан қалаларында тұратын халық саны туралы білді:

300 000-нан 400 000-ға дейінгі тұрғындар саны –

Семей, Павлодар, Тараз және Өскеменде;

200 000-нан 280 000-ға дейінгі тұрғындар саны –

Қостанай, Қызылорда, Атырау және Петропавлда;

110 000-нан 160 000-ға дейінгі тұрғындар саны –

Екібастұз, Көкшетау, Рудный және Талдықорғанда.

3 000

300 000

400 000

110 000

160 000

280 000

200 000

1 700

 

 

 

 

 

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

 

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

2 тапсырма

Дұрыс жауапты таңда. Дәлелде.

Картадағы масштаб бойынша 1 см – аймақтың 4 километріне сәй­кес келеді. Картадағы екі қаланың арақашық­тығы 8 см-ге тең. Осы қала­лардың арақашықтығы қанша километр болады?

2 км8 км16 км32 км

«Аквариум» тәсілін қолдануға болады. Ортадағы топ теңсіздікті құруды дауыстап талқылайды, ал сыртқы топ тыңдайды. Содан соң өз пікірлерінің дұрыс немесе бұрыс екенін айтады.

Image result for аквариум картинки для детейЕкі теңсіздіктен құрастырады. Шамалар мәнін салыстыру ережесін естеріне түсіреді. Тек бірдей шамаларды ғана салыстыруға болады. Ол үшін алдымен оларды бір түрге келтіре алу керек.

Шамалармен амалдардың қалай орындалатынын есіңе түсір және есепте.

Дескрипторы:

Сандар мен шамалар, олармен есептеулерді орындайды.

5 а) тапсырма. Шығармашылық жұмыс

Қазақстан мектептерінде бір сабақ 40 минутқа со­зылады. 4-сыныптың сабақ кестесіне қара. Балалар аптасы­на неше сағат математика мен қазақ тілін оқитындық­тарын анықта. Кесте бойынша өзің сұрақтар мен есептер құрастыр.

5 ә) тапсырма

Берілген сабақ кестесі бойынша дүйсенбі күні үзіліс қанша уақытқа созылатынын есепте.

5 ә) тапсырма

Сабағыңның басталатын және аяқталатын уа­қытын анықта. Сен қанша уақытыңды мектепте өткізесің?

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

Белсенді оқу тапсырмалары.

 

 

 

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері,

Оқулық

 

 

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ойтолғаныс кезеңі.

9 тапсырма. Сен зерттеушісің

Отбасында үш ағайынды бала бар. Олардан жастары қаншада екенін сұрағанда, үлкені былай деді: «Үшеуіміздің жасымызды қосқанда 27 шығады. Менің жасыма Арманның жасын қос­қанда 22, ал Бауыржан мен Арманның жасын қосқанда 15 жас болады». Ағайындылардың әрқайсы­сы­ның жасы қаншада?

 

Менің жасым 

Бауыржанның жасы

Арманның жасы

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім сандығы» кері байланыс.

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары  арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

Жаңартылған күні: 20.01.2021 23:05
Құрылған күні: 20.01.2021 23:05

Текст